Алматыда ер адам ағылған көлік жолына шығып кетіп, мерт болды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда жолға жүгіріп шыққан ер адамды көлік қағып, мерт қылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қайғылы оқиға Райымбек көшесінің бойында болды. Оқиғаға куә болғандардың айтуынша, ер адам алас ұрып жолдағы көліктерге қарай жүгіре берген. Бұл сəтте жолда жүк көлігі өтіп бара жатқан. Жүргізуші оны өткізіп жібермек болып, тоқтаған, кейін қозғалысын қайта жалғастырған. Сол кезде ер адам көлікке қарай қайта ұмтылып, дөңгелегінің астына түсіп қалған. Жүргізуші оны байқамай, қозғалысын жалғастыра берген.

«Оның ағылған машиналар арасында жүргенін көрдім. Тоқтап, жүгіріп өтіп кеткенін күттім. Ал сол жаққа бұрылған кезде фураның ұзындығынан айналаны дұрыс көре алмадым», - дейді ол. 


null

 

Оқиға орнына жеткен жедел жəрдем оның өмірін арашалап қалуға барын салды. Бірақ ол алған жарақатынан сол жерде көз жұмды.

null 

Оқиғаның мəн жайын полиция анықтап жатыр. 

null 

Соңғы жаңалықтар