Алматыда ер адам 260 мың қорап жалған темекі сатпақ болған

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы Мемлекеттік кірістер департаментінің мамандары «Көлеңкелі экономикамен күрес» акциясы барысында Жетісу ауданындағы «Самал» базарының көлік тұрағында жалған темекі тасымалдау дерегін анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Контрафактілік өнім Volvo көлігінен табылды. Көлік жүргізушісі бұл өнімнің кімдікі екендігін білмейтіндігін тек қана жеткізіп беруші екендігін айтып жалтарды.

«Жалпы құны 83,2 млн теңге болатын 260 қорап темекінің қолдан жасалғандығы анықталды. Тауарға Тәжікстан мен Қырғызстанның есептік бақылау маркалары жапсырылған», - деді қалалық МКД басшысының орынбасары Қанат Балтабеков.

Тәркіленген өнім «Жетісу» кеден пунктіне жеткізілді. Қазір тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Департамент мамандары контрафактілік өнім туралы ақпарат болса 8727- 267 69 29, 267 69 37 телефондарына хабарлауды сұрайды.

Соңғы жаңалықтар