Алматыда ер адам 2 көліктің астына түсіп көз жұмды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда көлік қаққан адамды тағы бір көлік басып кетті. Ер адам оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жол апаты Құлжа тас жолында болған.

Қызылту ауылының тұсынан Құлжа тас жолымен Алматыдан облысқа бет алып бара жатқан Lexus көлігінің алдынан  ер адам  тыйым салынған жерден жүгіріп өтпек болған. Сол сәтте Lexus жүргізушісі тежегішті басып үлгермей, ер адамды қағып кетті. Бірнеше метрге ұшып кеткен жігітті тағы бір көлік жаншып өткен.

Екінші көлік оқиға орнынан бой тасалаған. Полиция оны іздеп жатыр.

null

Соңғы жаңалықтар