Алматыда эпидемиологиялық жағдай күрт нашарлады – Қарлығаш Әдбіжаббарова

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың саны көбейіп келеді. Бұл туралы онлайн брифинг барысында Алматы қаласы бойынша тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Қарлығаш Әдбіжаббарова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алматы қаласында КВИ бойынша эпидемиологиялық жағдай күрт нашарлады, ҚР бойынша эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасында қала үшінші күн «қызыл» аймақта орналасқан. Апталық сырқаттанушылық 100 мың тұрғынға шаққанда 2,2 есе өсті»,- дейді спикер.

Оның айтуынша, эпидемияның тағы бір толқыны жаңа жылдық мерекелер мен белгілі оқиғалардан кейін және «омикрон» штаммына байланысты болып отыр.

Бұл зертханалық түрде биылғы жылдың 6 қаңтардағы толық геномдық секвенирлеу нәтижелерімен расталады.

«ҚР ДСМ-де 96 сынамадан 8 сынамада омикрон штаммы анықталды, оның ішінде 7 сынама Алматы қаласынан болды. «Дельта» штаммдары сынамалардың 71% - ында анықталды, «дельта – плюс» - 16% - да, басқа штаммдар - 4,7% пайыз.

«Омикрон» штаммына тән Алматы қаласындағы эпидемиологиялық процестің ерекшеліктері - аса жоғары жұқпалылығы (таралу коэффициенті 1:5), иммунитетке төтеп беру қабілеті, қайта жұқтыру қаупінің жоғарылауы және 20-30 жас аралығындағы азаматтардың зақымдануы байқалады» - дейді ол.

Сонымен қатар, ол апта сайынғы сырқаттанушылық бұрын КВИ-мен ауырып сауыққан адамдардың қайта жұқтыру жағдайлары күрт өскенін айтты.


Соңғы жаңалықтар