Алматыда эпидемиологиялық жағдай күрделі күйінде қалып отыр

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - «Алматы» телеарнасының Akimat Live бағдарламасының тікелей эфирінде қала әкімі Бақытжан Сағынтаев мегаполистегі санитарлық-эпидемиологиялық ахуал жөнінде айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Алматыда бүгінгі күні коронавирус инфекциясының 20 635 жағдайы тіркелді, оның 12 927-і сиптомды, 7 708-і симптомсыз.
Осы жылдың 19 қаңтарында COVID-19 ауруының 127 жағдайы тіркелді, оның ішінде 84 жағдай сиптомды, 28-і симптомсыз.
Жалпы жұқтырудың тәуліктік өсімі - 0,5%. Алматыда вирустың репродуктивтілік көрсеткіші 0,954 (республика бойынша - 1,1).
Инфекция негізінен қоғамдық орындарда жұғуда. 3-19 қаңтар аралығында қоғамдық орындарда (40,1%), отбасындағы КВИ науқаспен байланыс (27,4%), қалалық көлікте (22,8%), жұмыс орнында КВИ науқаспен байланыс кезінде (5,6%), шетелдерден және өзге өңірлерден әкелінген инфекция (2,6%) көрсеткіші осындай болды.
Инфекция жұқтырудың жағдайлары жас құрылым бойынша мынадай: 20-39 жастағылар - 34,7%, 40-59 жастағылар - 28,7%, 60 және одан үлкен жастағылар - 21,3%.
Инфекциялық стационарларда 810 адам емделуде, оның ішінде 20 – бала бар, 17 науқастың жағдайы өте ауыр, 147 науқастың жағдайы ауыр, 644-інің жағдайы орташа ауыр, 2 науқастың жағдайы жеңіл. Жазылып шыққандары – 82, ауруханаға түскендері – 112.
Қалыптасқан жағдайды ескере отырып, қала әкімі Б. Сағынтаев қалалықтарға санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау қажеттігін ескертті.
Алматы әкімі тікелей эфир барысында қала тұрғындарын толғандыратын түрлі сауалдарға, оның ішінде жолдарды салу мен жөндеу, газбен жабдықтау, мүгедектерді қолдау және мегаполистің инфрақұрылымын дамыту мәселелеріне қатысты қойылған сұрақтарға жауап берді.
- Коронавирус: Алексей Цой қазақстандық вакцинаны Өзбекстанда шығаруды ұсынды
- БҚО трассасында жүк көлігінің тіркемесі жанып кетті
- Жамбыл облысына «Спутник V» вакцинасының 5,2 мың дозасы жеткізілді
- Оралда балалар мінген 2 мектеп автобусы қар құрсауында қалды
-
ШҚО-да дүкенге маска тақпай кірген адамға айыппұл салынды
-
ШҚО-да перзентханаларды жабдықтауға 5 млрд теңге бөлінеді
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам