+7 (701) 759 90 19
USD 433.55 EUR 515.53
RUB 5.62 CNY 66.25
Jańalyqtar

Алматыда эпидемиологиялық ахуал нашарлап барады - департамент

2021 жылғы 9 сәуір 13:09
Бөлісіңіз:
Алматыда эпидемиологиялық ахуал нашарлап барады - департамент

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда коронавирус жұқтырған науқастардың саны өсуде. Бұл туралы Алматы қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Вакцинация Еуропаның барлық елінде қарқын алды – Еурокомиссия президенті Коронавирусқа қатысты ауқымды статистика мамырда дайын болады - ДСМ Қызылордада Сырдария ауданы «қызыл» аймаққа енгізілді

«Алматыда эпидемиологиялық ахуал нашарлап барады. Пандемия басталғалы бері мегаполисте коронавирус инфекцияның 39 655 жағдайы тіркелді (100 мың тұрғынға шаққанда 1 948,9). Жыл басынан бері 21134 адам індет жұқтырды (100 мың тұрғынға шаққанда 1 038,7), наурызда - 9 525 жағдай тікелсе, 8 сәуірде - 5 057 адамнан індет шықты. Өткен тәулікте 717 алматалықтан коронавирус инфекциясы табылды. Күнделікті өсім 1,8 құрады», - деп атап өтті департаменттің баспасөз қызметі.

Эпидемиологтардың айтуынша, қазіргі уақытта коронавирустың үшінші толқыны жалғасуда. Бұл мутацияланған штамдарға байланысты болып отыр.

«1 жасқа дейінгі балалар арасында КВИ ауруының өсуі жалғасуда, қазіргі таңда аптасына 64 жағдайға дейін жетті: наурыздың 1-ші аптасы-12 жағдай (КВИ – ның әдеттегі ағымы), 2-ші аптада – 27 жағдай (мутацияланған штаммдарды тіркеудің басталуы), 3-ші аптада – 41 жағдай, 4-ші аптада – 54 жағдай, сәуірдің 1-ші аптасында -64 жағдай, яғни 1 жасқа дейінгі балалар арасында КВИ жағдайларының апталық тіркелуі мутацияланған КВИ штаммдарының таралуына қарағанда 5,3 есе; 14 жасқа дейінгі балалар арасында – 107 жағдайдан 372 жағдайға дейін, яғни 3,5 есеге өсті»,- деп хабарлады департаменттен.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Ұқсас жаңалықтар
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT