Алматыда эпидемиологиялық ахуал күрделеніп барады
2022 жылғы 12 қаңтар 11:36

Алматыда эпидемиологиялық ахуал күрделеніп барады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы «қызыл» аймаққа кірді. Бұл туралы Алматы қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің міндетін атқарушы Сәдуақас Байғабылов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, жаңа жылдың басынан бері «омикрон» штамының пайда болуына байланысты қала тұрғындары арасында күн сайын вирус жұқтырушылар саны артып келеді. Сондай-ақ, Алматы қаласы бүгін «қызыл» аймаққа кірді.

«ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес, Алматы қаласында шектеу шараларын қатаңдату 5 күн ішінде, мүмкін одан бұрын қабылданатын болады. Әрине, бұл Алматы қаласындағы соңғы оқиғалар аясында кәсіпкерлер мен қала тұрғындарына қосымша салмақ. Бірақ, коронавирус «ешқайда кеткен жоқ», вакциналанбаған халық оны өте көп жұқтырп жатыр»,- деді ол.

Алдағы уақытта жоспарланған карантин шектеулерін енгізу күні туралы толығырақ қосымша хабарланатын болады.


Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT