Алматыда Энергетика және байланыс университетінің студенттері дәрігерлердің бақылауына алынды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда кеше қаза болған Энергетика және байланыс университетінің студентінің өлімі менингокок жұқпасынан болуы мүмкін. Осыған байланысты Энергетика және байланыс университетінің студенттері дәрігерлердің бақылауына алынды.

Бұл туралы қалалық студенттік емхананың бас дәрігері Иманғалиева Ләйла мәлімдеді. Мамандардың болжамы бойынша, бозбаланың өлімі менингокок жұқпасынан болған.

«Студент менингокок жұқпасын жұқтырған деген болжамға тоқталып отырмыз. Өйткені, бұл жұқпаның ерекшелігі сол, ол көп жағдайда инкубациялық кезеңсіз дамиды. Сондықтан, өлім жағдайы тез болады. Уоттерхаус-Федерикс синдромы (бүйрек жетіспеушілігі) болған кезде 90 пайыз жағдайда өлімге әкеп соғады», - деді қалалық жұқпалы аурулар ауруханасының бас дәрігері Тастанбекова Лаура.

Мамандардың айтуынша, бұл жұқпа ауа-тамшылы жолмен жұғады. Қазір осыған байланысты жатақхананың студенттері дәрігерлердің бақылауына алынған.

«Қазіргі таңда баламен тығыз байланыста болған 18 жасөспірімнің аузынан анализ алынды. Дәрігерлер жатақхана тұрғындарынының қызуын өлшеп, ауру белгілерін тексеруде», - деді қалалық студенттік емхананың бас дәрігері Иманғалиева Ләйла.

Соңғы жаңалықтар