Алматыда энергетика саласындағы қазақстандық қамтудың үлесін 85%-ға жеткізу жоспарланып отыр

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда энергетика саласындағы қазақстандық қамтудың үлесін 85%-ға жеткізу жоспарланып отыр. Осы бағытта қалалық Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы мен мемлекеттік қаржымен жұмыс істейтін құрылыс компаниялары арасында бірнеше меморандумға қол қойылмақ. Бұл туралы қалалық әкімдікте өткен жиын барысында белгілі болды.

Отырысқа қалалық кәсіпкерлер палатасының өкілдері, Алматы тауар өндірушілері, құрылыс және жобалау компанияларының өкілдері қатысты.

Қатысушылар мердігер компаниялардың көбіне шетелдік өндірушілердің мүддесін жақтайтынын алға тартты. Сондай-ақ, байқау өтінімдері негізсіз қайтарылады және ұзақ мерзімді келісімдерге қол жеткізу өте қиын.

Қазіргі таңда мемлекеттік сатып алуға қатысатын компаниялар үшін 55 жоба жүзеге асырылып жатыр. 2016 жылы 15 жоба бойынша электр энергиясымен қамту, 30 жоба бойынша сумен қамту, 8 газдандыру, 4 жылу желісін жүргізу жобалары бар.

Қалалық Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы мен мемлекеттік қаржымен жұмыс істейтін құрылыс компаниялары арасында бірнеше меморандумға қол қойылмақ. Соның арқасында энергетика саласындағы қазақстандық қамтудың үлесін 85%-ға жеткізу көзделіп отыр.

Соңғы жаңалықтар