Алматыда ең үздік тауар өндірушілерді анықтап жатыр

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда бір жарым мың кәсіпорынның ішінен ең үздігі таңдалып жатыр, дейді ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда «Қазақстанның үздік тауары» көрмесінің аймақтық кезеңі өтіп жатыр. Биылғы жылы байқауға 70-тен астам алматылық компания қатысуда, оның 9-ы конкурстың республикалық кезеңіне жолдама алады.null

«Біз қаланың 1,5 мың өнеркәсіптік кәсіпорындарының ішінен ең үздігін таңдаймыз. Олар өнім сапасының жоғары деңгейін қамтамасыз ететін компаниялар. Қала индустриясында 45 мыңнан астам адам жұмыс істейді. Экономикалық жағдайға, жаһандық бақталастыққа қарамастан, бұл сала биылғы жылы 5,3% өсті. Жылдың бірінші жартысында өндіріс шамамен 400 млрд теңгені құрады», - деді көрменің ашылуында сөз сөйлеген Алматы қаласы әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев.null

Ол әкімдік тарапынан жергілікті кәсіпкерлер қашанда қолдауға ие болатынын айтты.

«Бүгін біз кәсіпкерлерді жаңа өнімдерді шығаруға шақырамыз. Олардың сапасын жақсартуға, жаңғыртуға, қайта жабдықтауға, инвестиция салуға шақырамыз. «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы аясында жүздеген алматылық кәсіпкерлерге мемлекеттік қолдау көрсетілді,-деді қала әкімінің орынбасары.

null null null null

Соңғы жаңалықтар