Алматыда ең үздік мұғалімдер марапатталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда бүгін Халықаралық мұғалімдер күніне орай қала әкімінің төрағалығымен онлайн-конференция өтті.

Жиын барысында қала басшысы ұстаз деген ардақты мамандықтың қадірін айта келе, ең үздік мектеп мұғалімдерін марапаттады.

Бауыржан Байбек 22 мұғалімге онлайн жұмыс жасауға ыңғайлы электронды құрылғы табыс етті.

Өз сөзінде қала әкімі ұстаздарға Алматының білім беру саласындағы үздік жетістіктері үшін алғысын білдірді.

Сондай-ақ, қала басшысы 4 алматылық мұғалім Тимурбаева Сафура, Рыскелдиева Гүлмира, Мәлікова Маржан, Асылбеков Мадинаның республикалық байқауда үздік педагог атағына ие болғанын атап өтті.

Әкімнің айтуынша, оларға осы жетістігі үшін 1 млн 900 мың теңге көлемінде сыйақы төленетін болады.

«Қаланың білім беру жүйесінде қазір 27 мыңнан астам ұстаз еңбек етіп жүр. Олардың ішінде 1000-ға жуық мұғалім Ыбырай Алтынсарин атындағы төсбелгі мен ҚР Білім беру ісінің үздігі медалінің иегері болып отыр. Олардың ішінде 13 мұғалім Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері атағын алды. Сіздер де бұл жетістіктеріңізбен шектеліп қалмай, бұдан да үздік нәтижеге қол жеткізеді деген үміттемін»,- деді әкім.

Соңғы жаңалықтар