Алматыда ең үздік аула сыпырушы 200 мың теңгеге ие болады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда 1 мамырда «Ең үздік аула сыпырушы-2014» байқауы басталады. Байқауды Алматы қаласының әкімдігі мен «Чисто по-алматински» қоғамдық ұйымы және «Эфес Казахстан» компаниясы ұйымдастырмақ.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл шара қаланың тазалығын арттырып, тұрғын-үй коммуналдық саладағы жұмысшылардың еңбегін ынталандыруға бағытталған. Бұл атаққа қаланың 7 ауданынан 7 үміткер іріктеліп алынады. Бірінші орынға ие болған тазалық жаршысы - 200 мың теңге, екінші орын иесі - 150 мың теңге, үшінші орын иесі 100 мың теңге алады. Байқауға өзіне бекітілген аймақты мұнтаздай таза ұстаған кез-келген аула сыпырушы қатыса алады. Биыл жеңімпаздарды марапаттау шарасы қала күні қарсаңында, яғни қыркүйек айында өтпек.

Соңғы жаңалықтар