Алматыда ең үздік аула сыпырушы 200 мың теңге көлемінде сыйлық алды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда ең үздік аула сыпырушы анықталды. Биыл Бостандық ауданының ПИК қызметкері жеңімпаз атанды, деп хабарлады қалалық Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалану басқармасынан.

chistopoalmatynsky.kz сайтында өткен халықтық дауыс берудің қорытындысына сәйкес, Бостандық ауданында жұмыс жасайтын аула сыпырушы Сатылған Мәнжуов үздік деп танылды. Ол ерен еңбегі үшін 200 мың теңге көлемінде сыйақы алды. Екінші орынға 2013 жылдың жеңімпазы Алмалы ауданының аула сыпырушысы Владимир Головченко тұрақтады. Ол 150 мың теңгені қанжығасына байлады. Соңғы үш орынды Әуезов ауданынан Қасым Мәметбакиев, Тоқтыхан Розаков, Виталий Малахов бөліп алды. Оларға 100 мың теңгеден сыйақы берілді. Айта кету керек, ең таза аула сыпырушы атағына 150 ПИК қызметкерлері таласты. Конкурс осымен үшінші жыл қатарынан өткізіліп келеді.

Соңғы жаңалықтар