Алматыда ең қаһарлы қыс осыдан 100 жыл бұрын тіркелген - Қазгидромет

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда қаңтар айында жауын жауып, синоптиктер ауа райының неліктен бұлайша құбылғандығын түсіндірді.

Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне «Қазгидромет» РМК-ның Алматы қалалық бөлімшесінің өкілдері айтты.

Кеше қалада кешкісін басталған жауын бүгін түске дейін жалғасты.

Синоптиктердің айтуынша, қаңтардағы жылымық қыс мезгілі үшін тосын жайт болғанымен, Алматы үшін аса таңқаларлық жағдай емес.

Соңғы уақытта Алматының қаңтарында 0-ден жоғары температура жиі кездеседі.

Ең жоғарғы температура 2002 жылы 7-қаңтарда +18,2 болып тіркелген еді.

Осыдан 5 жыл бұрын 2014 жылдың 20-қаңтарында ауа температурасы +12,3 градусқа дейін көтерілді. Жыл сайын Алматыда қаңтар айында ауа температурасы кей күндері 0 градустан жоғарыны көрсетіп тұрады.

Ал ең төменгі температура осыдан 100 жыл бұрын 1919 жылдың 16-қаңтарында тіркелді.

Ол кезде Алматыны -36,5 градус аяз қысқан болатын.

Айта кету керек, Алматыда 1850 жылдан бастап метеорологиялық зерттеу жұмыстары жүргізіліп келеді.

1915 жылы Верный метеостансасы салынған соң бақылаулар тұрақты жүргізіле бастады.

Соңғы жаңалықтар