Алматыда ең белсенді және жанашыр еріктілер марапатталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында «Uzdik volonter - 2021» еріктілеріне құрмет көрсету салтанатты форумы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Салтанатты шарада жылдың қорытындысы бойынша Алматы еріктілер қозғалысының ең белсенді және жанашыр қатысушылары марапатталды.

Форумды ашқан Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров мұқтаж жандарға риясыз көмектесіп жүрген еріктілер қозғалысы белсенділерінің ерекше рөлін атап өтті.

Сондай-ақ, қоғам қайраткері, қайырымдылық қорының директоры А. Саин, қалалық мәслихаттың депутаты, Q3 Worldwide инвестициялық холдингінің иесі Қ. Құдайберген, «Қазақстан волонтерлері лигасы» қоғамдық қорының төрағасы А. Ерниязова, қалалық мәслихаттың депутаты С. Есмат, Алматы қаласы волонтерлерінің өңірлік фронт-офисінің өкілі Б. Анарбаева құттықтау сөз сөйледі.

Түрлі номинациялар бойынша марапатталғандардың арасында Lider.kz еріктілер қозғалысының жетекшісі Д. Блац, Menin Armanym корпоративтік қорының атқарушы директоры Ш. Ванкеев, Asar-ume қорынан А. Нұрмағамбетов, Д. Малаева, С. Асылбек, «Салиқалы ұрпақ» қорынан Қ. Қасабеков, «Харекет» ҚҚ атынан Г. Мұханқызы, А. Теміров, «Алматы мейірімділік клубынан» А. Оқас, Е. Ұлтанбеков, Е. Шаяхмет, М. Мырзахметова, «Қызыл Жарты Айдан» Қ. Қайсар, Л. Ибрагимова, «Қазақстан Еріктілер лигасынан» А. Ким, «Рахым» әлеуметтік үйінен Б. Шералиева, «Котопестан» М.Лежнева, «Халық» қорынан С. Шүңкеев, «Мен алматылықпын» атынан М. Әнуарбекова және басқалар болды.

Форум барысында Asar-ume қоғамдық қоры мұқтаж және көп балалы отбасыға үй сатып алуға сертификат тапсырды. Басқа еріктілер жаңа үйге қажетті техникаларды сыйға тартады. Осылайша еріктілердің арқасында тағы бір отбасы жаңа жылды өз шаңырағының төрінде қарсы алатын болды.

Айта кетейік, жаңа жыл қарсаңында еріктілер жақсылық жасауды тоқтатпайды. Қаланың волонтерлік ұйымдары «Керемет Аяз Ата» жаңа жылдық акциясын өткізуде, оның аясында кез келген адам көмекке мұқтаж жанның жаңа жылдық тілегін орындай алады.



Соңғы жаңалықтар