Алматыда емхананы жарып жібермек болған ер адамға сот үкім шығарды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда емхананы жарып жіберем деп қорқытқан ер адам сотталды. Бұл туралы қалалық соттың баспасөз қызметі хабарлады.

Іс материалдарына сәйкес, 2015 жылдың желтоқсанында В. Котельников №1 қалалық емхананың ғимаратына билік өкілдері мен журналистердің келуін талап ететін қолжазба жазған. Талаптары орындалмаған жағдайда Котельников 100 грамм жарылғыш пен радиомен басқарылатын жарылғыш зат қолдануды көздеген. Өзінің қолжазбасын Котельников медициналық мекеменің шаруашылық бөлімінің меңгерушісіне медбикеден беріп жіберген.

Төтенше жағдайға байланысты емделушілер мен медицина қызметкерлері емхана ғимаратынан тыс жерге шығарылды. Келген полиция қызметкерлері Котельниковты ұстады.

Сот отырысы барысында сотталушы жасаған қылмысы бойынша өз кінәсін толығымен мойындады.

Медеу аудандық №2 сотының судьясы В.Н. Котельниковті ҚР ҚК 273-бабы бойынша (терроризм актiсi туралы қасақана жалған хабар беру) айыпты деп тауып, 1 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды.

Сотталушы мемлекет пайдасына 75 929 теңге көлемінде материалдық шығын өтеуге тиіс.

Соңғы жаңалықтар