Алматыда емхана дәрігеріне қалай жазылуға болады

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматылық №11 емхананың жетекшісі Гүлмира Айтбаева емхана дәрігерінің қабылдауына жазылу тәртібі туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Маманға жазылмас бұрын жалпы тәжірибе дәрігеріне (ЖТД) жазылу керек. Бүгінде ЖТД-ге жазылу онлайн режимде өтеді. Сонымен қатар қала тұрғындары емхананың Call-орталығына қоңырау шалып, телефон арқылы жазылу мүмкіндігі бар. Маманға ЖТД-ден жолдамасы жоқ науқастар, шұғыл көмекке мұқтаж болған жағдайда ғана жүгіне алады», - деді Гүлмира Айтбаева.

Мұндай жағдайға шұғыл жарақат, оның ішінде офтальмологиялық, оториноларингологиялық, шұғыл және жоспарлы стоматологиялық көмек көрсету кезінде, дерматовенерологиялық бейіндегі ауру кезінде, тіркелген жері бойынша акушер-гинеколог пен психологқа, онкологиялық және гематологиялық бейіндегі ауруға күдік болғанда, динамикалық байқау ауруының бейіні бойынша, жастар денсаулық орталығына, бір жағдай шеңберінде бейінді маманға қайта қабылдау кезінде, жылжымалы медициналық кешенге қызмет көрсету кезінде қабылдауға мобильді қосымша немесе сайт арқылы жазылуға болады.

Бүінде пациенттердің 80 пайыздан астамы онлайн жазылады. Көп жағдайда смартфон көмегімен жазылады.

Белгілі бір дәрігердің бейіні бойынша созылмалы ауруы бар және осы дәрігердің диспансерлік тобына кіретін алматылықтар ғана маманға өз бетінше жазыла алады.

«Мысалы, бірінші типті қант диабетімен ауыратын адамдар эндокринологтың диспансерлік тобына кіреді. Мұндай пациенттерде эндокринологқа тиісті белгі қойылады», - деді спикер.


Соңғы жаңалықтар