Алматыда емдеу мекемелері бірыңғай ақпараттық жүйеге біріктіріледі

None
None
  АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда биыл медициналық мекемелер  ортақ ақпараттық жүйеге біріктіріледі.

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Гүлмира Исимбаева, Серік Сейдуманов, Гүлнар Ихсанова Алматы қалалық кардиологиялық орталығында болды.

Халық қалаулылары қалалық орталықтың цифрландыру бойынша жеткен жетістіктеріне баға берді.

null 

Орталықтың бас дәрігері Алмас Қодасбаевтың айтуынша, мұнда ашылғалы бері 9900 коронарография жасалып, 1500 адамға стент салынған. Күніне орталықтың дәрігерлері 177 рет шақыртуға барады.

Халық қалаулылары кардиологиялық орталықтың қабылдау бөліміндегі инновациялық жаңалықтармен, технологиялармен танысты.

null 

Делегация алғашқы көмек көрсету, зертхана бөлімінің  тың өзгерістеріне баға берді.

«Қазіргі бірінші кезекте шешілуі тиіс мәселе медициналық мекемелердің қалалық бірыңғай ақпараттық жүйеге біріктірілуі болып отыр. Биыл осы жүйе жасалса, барлық медициналық мекемелердің мүмкіндігі арта түсетін еді. Елбасының тапсырмасы бойынша «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы жасалды. Бүгін ауруханаларда соның жемісін көріп отырмыз. Пациент жедел жәрдеммен жеткенше ол туралы бар мағлұмат осында түсуі керек, жол-жөнекей көлікте анализ алынып, кардиограмма түсіп, тікелей ауруханаға жіберіліп, пациент жеткенше оны емдеу тәсілі айқын болуы тиіс. Мұнда әр минуттың құны қымбат», - деді депутат Гүлмира Исинбаева.

null 

Оның айтуынша, 2003 жылдан бері Қазақстанда барлық медициналық мекемелерді бірыңғай желіге біріктіруге 9 млрд теңге жұмсалған.

«Ол аз ақша емес. Енді осы басталған істі соңына дейін жеткізуіміз керек», - деді депутат.

null 

Өз кезегінде қалалық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Серікбол Мусиновтың айтуынша, қаланың медициналық базасын құру биыл қолға алынбақ.

Бұл жоба  Алматы қалалық  Smart city бағдарламасының бір бөлігі ретінде жүзеге асады. 

null 

«Бұл үшін қосымша бюджет шығыны қажет емес деп санаймын. Биыл желтоқсанда қалалық әкімдіктің көмегімен 1 млрд теңгеге 6 мың компьютер сатылып алынды. Барлық медициналық мекемелер 100 пайызға қамтылды. Осыған байланысты мемлекеттік- жекешелік әріптестік аясында биыл ақпараттық жүйені толығымен іске қосамыз», - деді басқарма басшысы Серікбол Мусинов.

null 

Жаңа жүйе бойынша науқастар туралы мағлұмат дер кезінде қажетті орындарға жеткізіледі.

null null null null 

Соңғы жаңалықтар