+7 (701) 759 90 19
USD 376.51 EUR 418.91
RUB 6.13 CNY 54.90
Jańalyqtar

Алматыда елордадағыдай LRT салынуы мүмкін бе – Бақытжан Сағынтаевтың жауабы

2019 жылғы 29 қараша 15:40
Бөлісіңіз:
Алматыда елордадағыдай LRT салынуы мүмкін бе – Бақытжан Сағынтаевтың жауабы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев оңтүстік астанада жеңілрельсті көлік жүргізу жобасына қатысты ойын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қарағанды облысының ТЖД қызметкерлері қар құрсауынан 117 адамды құтқарды Мас жүргізуші 10 жылға көлік басқару құқынан айырылуы мүмкін Шетелде есепте тұрған автокөлік иелері полицейлермен кездесті – Қостанай

«Құрылысты бастамас бұрын бәрін есептеу керек. Жобаның құны қанша болады? Кім ақша береді? Құрылған жоба бар. Құрылыс-монтаждау жұмысының жобасына сәйкес, бұл мақсатта 123 млрд теңге керек. Ал ол қаражатты қайдан табамыз? Бұл жұмыс мемлекеттік-жекеменшіктік әріптестік аясында болып, қаражатты бір жерден тартып, кейін қайтару керек болады», - деді Бақытжан Сағынтаев ОКҚ-да тілшілердің сұрағына жауап бере отырып.

Әкімнің айтуынша, жеңілрельсті көліктің билеттері басқа көліктерге қарағанда қымбатырақ.

«Жол ақысы қанша болады? Бүгінгі таңда троллейбустар, автобустар мен метро субсидияланады. Субсидия үшін ғана жыл сайын 30 млрд теңге жұмсалады. Қаншама қаражат екенін есептей беріңіз. Сол себепті, LRT салына қалса, сөзсіз, билет те қымбаттап кетері анық. Тағы субсидиялауға тура келеді. Осылайша, баға бірнеше есе өседі. Сол үшін бәрін есептеп алу керек», - деді Бақытжан Сағынтаев.

Қала басшысы LRT-нің қазіргі жобасы Ұлттық экономика министрлігінің МЖӘ орталығында қаралып жатқанын жеткізді.

«Егер біз ұсынған қаржылық модельді қолдаса, істі бастамай тұрып, қаражаттың қайдан алынатынын, қалай қайтарылатынын бірден шешіп алған абзал. Барлық сатыдан өтсек, мәселенің мәнісін нақты ұғынарымыз анық. Неліктен МЖӘ орталығы арқылы жобаны тексеріп алып отырмыз? Себебі, ол мақсатта алған қаражатты қала бюджетінің есебінен қайтару мүмкін емес», - деді ол.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Алматы, Әкім, Құрылыс, Көлік,
Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT