+7 (701) 759 90 19
USD 385.55 EUR 426.57
RUB 6.05 CNY 54.77
Jańalyqtar

Алматыда элиталық үй мен пәтер иелері бюджетке 247 млн теңге қарыз

2019 жылғы 3 желтоқсан 15:15
Бөлісіңіз:
Алматыда элиталық үй мен пәтер иелері бюджетке 247 млн теңге қарыз

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда 1000 аса элиталық үй мен пәтер иелері салық төлемей отыр. Олардың бюджетке берешегі 247 млн теңгеден асты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Салық рақымшылығы: 4 млн теңге айыппұл есептен шығарылды Елімізде жер мен мүлік салығы біріктіріледі Салық ең көп түсетін өңірлердің үштігі қандай

Қалалық мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, 2018 жылға мүлік салығы мен жер салығын төлеу мерзімі 2019 жылдың 1 қазанында өткеніне қарамастан, элиталық үйлер мен пәтер иелері қарызды өтеуге асығар емес.

Алматыда мүлік салығы төленбеген 1028 элиталық баспана тіркеуде тұр.

Олардың иелері 247 млн теңге бюджетке берешек.

«Биылғы 3 желтоқсанынан бастап біз Полиция департаментімен және жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасымен бірлесіп жеке тұлғалардан берешекті өндіріп алуға кірістік», - делінген хабарламада.

Нақтырақ айтқанда, борышкердің өзінде не өзге де жеке немесе заңды тұлғаларда тұрған жылжымалы немесе жылжымайтын мүлкі тәркіленеді.

Салық төлеушілер салық бойынша берешектің бар немесе жоқ екендігі туралы МКК сайтында немесе келесі сілтеме бойынша көруге болады.

Сонымен қатар, жеке тұлға салық міндеттемелері бойынша салықтың негізгі сомасын төлеген жағдайда өсімпұл төленбейді.

Өсімпұл негізгі салық қарызы төлегеннен кейін үш жұмыс күні ішінде автоматты түрде есептен шығарылады.

Мұндай салықтық рақымшылық 2019 жылдың 31 желтоқсанында аяқталады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Салық, Алматы, Бюджет,
Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT