Алматыда элиталы үйлердің бірі электр қуатына 20 млн теңге қарыз болған

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда элиталық үйдің тұрғындары жарықтан қағылды. «Тенгиз Тауэрс» компаниясының меншігіндегі тұрғын үй 3 жылда электр қуатына 20 млн теңге қарыз болып қалған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған тұрғын үй Бостандық ауданында орналасқан. 3 жыл бойғы қарызды төлемегені үшін «Алматыэлектросбыт» АҚ аталмыш үйді электр энергиясынан 17-қаңтардан бастап ажыратып тастады.

«Бұл - мәжбүрлі түрде жасалып отырған қадам. Осы тұрғын үйді басқаратын «Тенгиз Тауэрс» компаниясы «Алматыэнергосбыт» ЖШС-мен электр энергиясы қызметі бойынша толық келісімге отырған болатын. «Алматыэнергосбыт» ЖШС 2017 жылдың қазанында аталған компанияның төрағасының атына электр энергиясымен қамтуға қатысты келісімшарт жіберілген. Компания басшысы қарызды төлеуден, келісім шартқа қол қоюдан бас тартып отыр. Компаниямен ымыраға келу бойынша жасалған талпыныстар аяқсыз қалды. Компания басшылығы «Алматыэнергосбыт» ЖШС-мен келісімге отыру қажет емес деп санап, қарызды төлеуге асығар емес. «Т-Тауэрс» компаниясының төлем қабілеті жаман емес. Тұрғын үй территориясында 88 заңды тұлға, 308 пәтер иесі тұрып жатыр»,- деді «Алматыэнергосбыт» ЖШС баспасөз қызметі.

Айта кету керек, 15-қаңтарда «Алматыэнергосбыт» ЖШС Алатау ауданы «Алғабас-1» шағын ауданындағы «Артемида» ЖШС тұрғын үйлерін де электр энергиясынан ажыратып тастады.

Бұл құрылыс компаниясы 3 айда 9 млн теңге борышкер болған.

Соңғы жаңалықтар