Алматыда электрсамокат үшін жол белгілері қойылмақ
2022 жылғы 16 тамыз 16:43

Алматыда электрсамокат үшін жол белгілері қойылмақ

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы көшелерінде жеке мобильді көліктер, оның ішінде электрсамокаттардың тұрақтары үшін арнайы жол белгілері жасалуда. Бұл туралы ҚазАқпарат әкімдікке сілтеме жасап хабарлайды.

Аталған шара қала әкімдігі мен кикшерингтік сервистердің арасында жасалған қолданыстағы меморандум аясында жүзеге асуда.

Бірінші кезеңде белгілер Достық, Абай, Назарбаев даңғылдары, Гоголь көшесінің бойына жасалуда. Кейін қаланың жүктемесі мейілінше жоғары бөліктерін қамту жоспарлануда. Жыл соңына дейін қала бойынша 500 тұрақ жасалатын болады.

Тұрақ аумақтары ақ түсті бояумен самокат кескіні арқылы белгіленеді. Тұрақ алаңы шамамен 4 шаршы метрді құрайды, оған 10-ға жуық жалдамалы самокат қоюға болады. Арнайы белгілердің жасалуы қала тұрғындарына жалдамалы самокаттарды жаяу жүргіншілер мен көліктерге кедергі келтірмейтін орындарға қалдыруға мүмкіндік береді.

Айта кетсек, қала әкімдігі мен самокаттарды жалға беру қызметін ұсынатын сервистер операторлары опепраторлары арасында өзара түсіністік пен серіктестік туралы меморандумға қол қойылған еді.


Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT