Алматыда электронды жол белгілері қойылуда

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Биыл Алматының «Думан» ықшам ауданының шығаберісінде өзгеріп тұратын ақпараты бар 4.1.1 «Тура қозғалыс» және 4.1.5 «Алға немесе солға қозғалыс» электронды жол белгісі пайдалануға берілген. Бұл туралы қалалық полиция департаментінің Әкімшілік полициясында еске салды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бұл жол белгісі ҚР СТ 1412-2017 жол қозғалысын реттеудің техникалық құралына сәйкес жасалған. Ауыспалы ақпараты бар көп позициялы басқарылатын жол белгілерін (тақталарды) пайдалануға рұқсат етіледі. Оларды пайдалану шарттары осы стандарттың талаптарына сәйкес болуы керек. Сонымен қатар, белгі EN12966 еуропалық стандартына сәйкес, SMD LED технологияларын қолдану арқылы жасалған және жол белгілерінің түрлі-түсті кескінін жоғары ажыратымдылықпен көрсетуге мүмкіндік береді. Жол белгісінің керекті бейнесі тәулік уақытына сәйкес (бағдарлама бойынша) немесе жол қозғалысы жағдайына сәйкес АТҚБ Басқару орталығынан қашықтан арнайы электронды блокпен көрсетіледі, – деді Алматы қалалық ПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Нұрлан Аманбек.
Сондай-ақ, ол жол қозғалысын реттеудің бұл жаңа техникалық құралын қаланың жол желісіне кеңінен енгізу, күрделі көлік тораптарында басқарудың икемді (интеллектуалды) режимдерінің жұмысын қамтамасыз ету үшін орнатылғанын атап өтті.


Соңғы жаңалықтар