Алматыда электрлі самокатпен қай жерлерде жүруге болмайды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда электрлі самокатпен жүруге шектеу қойылған жерлер бар. Бұл туралы «Jet Sharing» ЖШС директоры Мейрамбек Әбелқасов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазіргі уақытта электрлі самокатпен жүруге шектеу Тұңғыш Президент саябағы аумағында қолданылады. Алдағы уақытта 28 панфиловшылар паркі мен Орталық демалыс паркіне де шектеулер қойылады», - деді Мейрамбек Әбелқасов.

Ол сондай-ақ, самокаттарды жалға беру операторларының айыппұл мен ынталандыру жүйесін енгізуді жоспарлап отырғанын айтты.

«Егер пайдаланушы самокатты тиісті орынға қалдырса, онда ол үшін бонус алады, егер дұрыс жерге қалдырмаса, онда айыппұл арқалайды», - деді ол.

«Ozim» ЖШС директоры Асылбек Есенов журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып, бір самокатпен екі немесе одан көп адамның жүруіне барлық операторлардың тыйым салатынын, себебі бұл қауіпті және скутер бір адамға ғана арналған көлік екенін атап өтті.

Еске салайық, бүгін Алматы қаласының әкімдігі мен электрлі самокаттарды жалға беретін операторлар арасында меморандумға қол қойылды , сондай-ақ биыл Алматыда электрлі самокат қолданушыларының саны бес есе өсіп отыр .


Соңғы жаңалықтар