Алматыда электр жарығы толық қалпына келді

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматыда электр жарығы толық қалпына келтірілді. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бостандық ауданындағы РЭС-5 стансасы электр желілеріндегі ақау жойылып, электр қуаты толық көлемде қалпына келді», - деп хабарлады қала басшылығынан.

Бұған дейін Алматының «Ерменсай» шағынауданында электр қуаты сөніп қалғанын жазған едік.

Салдарынан «Silver Hills» тұрғын үй кешенінің тұрғындары жарықсыз қалды.

Бұған дейін Алматы әкімі Ерболат Досаев Алматыда электр қуатының жиі өшетініне қатысты пікір білдірген еді.

Айтуынша, қазіргі таңда 4,2 шақырым электр желісі қайта жаңғыртылды. Жыл соңына дейін 11 шақырымға дейін жөнделеді.


Соңғы жаңалықтар