Алматыда электр, су және жылыту желілері қайта жаңғыртылып жатыр

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Биыл қаланың 14 ықшамауданда сумен жабдықтау және кәріз желілерінің құрылысы жалғасады, ал 6 ықшам ауданда жаңасы басталады. Бұл туралы Алматы әкімінің орынбасары Мұхит Әзірбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бұдан басқа, Қарғалы өзенінде жобалық қуаты тәулігіне 15 мың м3 су алатын су тарту құрылғысының құрылысы жүріп жатыр. Ақсай өзеніндегі жерүсті көзі бойынша жобалық қуаты тәулігіне 22 мың м3 су тарту құрылғысын салу жоспарлануда. Бостандық ауданында жобалық қуаты тәулігіне 9 мың м3 су жинау нысаны мен су дайындау станциясының (Ерменсай) құрылысы жобалануда. Сараптама қорытындысын алу 2022 жылдың наурыз айына жоспарланған», - деді Мұхит Әзірбаев.

Әкімнің орынбасары мәлім еткендей, биыл 1 066 көше мен 486 аула аумағында сыртқы жарық құрылысы аяқталады, жыл ішінде 24 көше жарықтандырылады.

Биыл Медеу, Алатау және Наурызбай аудандарында жалпы ұзындығы 147,2 км электр желілерін реконструкциялау аяқталады.

«Екі жаңа қосалқы станцияның құрылысы бойынша жұмыстар жүргізілуде», - деп нақтылады ол.

Сондай-ақ, Жетісу ауданында жалпы қуаты 50 МВт «Кирпичная» ҚС бойынша конкурстық үрдістер басталды.

Әкімнің орынбасары атап өткендей, жылумен үздіксіз қамтамасыз ету және жылу энергиясының тапшылығын жою үшін қазандықтардың қуатын арттыру жұмыстары жүріп жатыр. 2019 жылы басталған негізгі және қосалқы жабдықты ауыстыра отырып, «Оңтүстік аудандық қазандықты» қайта жаңарту 55 Гкал/сағ қуат өсімін қамтамасыз етеді, бұдан басқа, өткен жылы «Премьера» қазандығын кеңейту бойынша жұмыстар басталды, оның қуаты 100 Гкал/сағ.


Соңғы жаңалықтар