Алматыда электр подстансасындағы ақау қалпына келтіріліп, үйлерге электр энергиясы берілді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда электр подстансасындағы апат қалпына келтіріліп, үйлерге электр энергиясы берілді.

Бұл туралы «Алматы жылу желілері» ЖШС ресми өкілі Ян Гирин айтты.

Айта кету керек, Алматыда электр подстансасындағы апаттан соң мыңдаған үй жарықсыз қалған болатын. Белгілі болғандай, кеше 20.35 шамасында Медеу ауданындағы «Саябақ» электроподстансасында штаттан тыс жағдай орын алып, 110 кВ екі желі істен шыққан. Салдарынан Медеу ауданындағы 8 мыңға жуық абонент, Сәтпаев, Абай, Луганский, Гоголь, Фурманов, Төле би, Малая Станица аймағының тұрғындары жарықсыз қалды.

Шағын ауданның әлеуметтік маңызды нысандары өзге электр көздеріне қосылды.

«Түнгі 2:38-де барлық абонент электр энергиясына уақытша схема бойынша қосылды. Ал, таңғы 5:00-ге таман істен шыққан желі қайта жөнделіп, қазір штаттық режімде жұмыс жасап тұр», - деді Ян Гирин.

Апатты қайта қалпына келтіру жұмыстарына энергетиктердің 8 бригадасы жұмылдырылды. Төтенше жағдайдың себептерін арнайы комиссия анықтап жатыр.

Соңғы жаңалықтар