Алматыда электр энергиясымен жабдықтау тарифі төмендеді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда электр қуатымен жабдықтау тарифі төмендетілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Табиғи монополияларды реттеу комитетіне сілтеме жасап.

1 ақпаннан бастап ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті электрмен жабдықтау тарифін тұрғындар үшін - 1,5% (ҚҚС-сыз 17,12 тг/кВт сағаттан ҚҚС-сыз 16,86 тг/кВт сағатқа дейін) , заңды тұлғалар үшін - 1,2% (ҚҚС-сыз 18,47 тг/кВт сағаттан ҚҚС-сыз 18,25 тг/кВт сағатқа дейін) дейін төмендетті.

Бұл көрсеткіш электр энергиясын беру және теңгерімдеу, қуатты қамтамасыз ету тарифінің төмендеуі арқылы мүмкін болды.

Халық үшін үнем - 554 млн теңге, заңды тұлғалар үшін - 820 млн теңге.

Өз кезегінде жоғарыда көрсетілген көрсеткіштерге қол жеткізу үшін Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен халықтан бюджеттік ұйымдарға жүктемені қайта бөлу фактісі қосымша ықпал етті.


Соңғы жаңалықтар