+7 (701) 759 90 19
USD 376.51 EUR 418.91
RUB 6.13 CNY 54.90
Jańalyqtar

Алматыда елдің мүлкін ломбардқа өткізген алаяқ әйел ұсталды

2019 жылғы 24 қазан 13:06
Бөлісіңіз:
Алматыда елдің мүлкін ломбардқа өткізген алаяқ әйел ұсталды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы полициясы мегаполис тұрғындарына үлкен материалдық шығын келтірген алаяқ әйелді ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Ақмола тұрғынының 3 млн теңгесін жымқырған Қырғызстан азаматы ұсталды Шымкентте ХҚО қызметкері алаяқтық жасады деп айыпталып отыр Қазақстанда екі күн ішінде 50-ге жуық интернет-алаяқтық фактілері анықталды

Күдікті 25 жаста. Қазіргі уақытта Т. атты азаматшаның қалада жасалған 10 алаяқтық фактісіне қатысы бар екені анықталды.

«Күдікті қылмыстық мақсатта интернетті пайдаланған. Ол азаматтардан заттарды жалға алып, кейін оларды ломбардқа өткізіп отырған. Бұл «бизнес» оған жақсы пайда әкелді. Алаяқтық жолмен алынған заттар тізімінде тұрмыстық техника, құндыз тері бұйымдары, әйелдердің кешкі көйлектері, смартфондар және күнделікті тұрмыстық заттар бар. Ол тауардан түскен ақшаны өз қажетіне жұмсаған. Ал, жалға алған тауар иелерімен қайта байланысқа шықпаған. Қазіргі уақытта материалдық шығын бір миллион еңгеге жуықтайды»,- дейді Бостандық аудандық полиция басқармасының бастығы Сәбит Сансызбаев.

Күдіктіге қатысты ҚР ҚК 190-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Алматы, Оқиға,
Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT