Алматыда Елбасы сынынан соң әл-Фараби даңғылынан жоғары аймақта 3 қабаттан артық нысан салынбайды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы әкімдігінде қала басшысы Бауыржан Байбектің төрағалығымен қала құрылысы кеңесінің отырысы өтті. Жиынға аудан әкімдері, қалалық құрылыс және сәулет басқармасының, құрылысшы компаниялардың өкілдері, сәулетшілер мен дизайнерлер қатысты.

«Таулы аймақ рекреациялық аймақ болады. Ол жерде құрылыс салынбайды. Аумағы 6,5мың га болатын әл-Фараби даңғылынан жоғары аумақ қаланың стратегиялық ауданы. Тәжірибе көрсеткендей, қазіргі 6 қабат деген шектеуіміз аз болып тұр. Бұл қалаға самал желдің соғуына кедергі екен. Қабат санын реттеуде, сәулет жоспарлау бағытында сәл қаттырақ критерийлер керек»,- деді қала басшысы.
Жиын барысында әл-Фараби даңғылынан жоғары аймақта нысандарды салудың жаңа регламенті тағайындалды. Жаңа регламентке сәйкес ғимараттың биіктігі 3 қабаттан аспауы керек. Төменгі (цокольный) қабатты салуға рұқсат беріледі. Бірақ биіктігі 12 метр болуы, кеңдігі 15 метр болуы тиіс.
Сондай-ақ, таулы аймақтар мен тау бөктерінде құрылыс жүргізуге тыйым салынады.
Айта кету керек, Мемлекет басшысы Алматыға сапары барысында әл-Фараби даңғылынан жоғары орналасқан ғимараттардың экологиялық ахуалға келтіріп жатқан залалын тілге тиек еткен болатын. Елбасы қалаға таудан соғатын самалдың маңыздылығын ескертті.

Соңғы жаңалықтар