Алматыда «Ел мақтаныштары» фотошежіресі ашылды (ФОТО)

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда ҚР Ұлттық кітапханасының көрмелер залында «Ел мақтаныштары» фотошежіресі ашылды.

Фотокөрме Қазақстан республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл толуына орай  «ФОТОӨНЕР» Қоғамдық бірлестігінің мұрындық болуымен «Тәуелсіздік тағылымы» ұлттық жобасы аясында өткізілді.

«Биылғы мерейтойды әр мекеме, мемлекеттік орган, қоғамдық мекеме қал-қадірінше атап өтуге тиіс. Біз кітапхана ретінде кітап көрмесін ашқанбыз, енді  фотосуретшілер көрме жасап отыр. Фотокөрмеге 25 жыл ішінде елге сіңірген еңбегі елеулі азаматтар іріктеліп алынды. Көпшілігі өзімізге таныс. Фото өнері өмірге келгелі 19 ғасырда үлкен бетбұрыс жасалды. Жаңа бағыттар пайда болды. Бейнелеу өнері өз жолымен кетті. Цифрлық технгология биік дәрежеге өсіп, адамның ішкі психологиясын да сездіретін биік дәрежеге жетті», - деді ҚР Ұлттық Кітапханасының бас директоры Әлібек Асқаров.

Көрмеде «Халық қаһарманы», «Еңбек Ері» атақтарына ие болған тұлғалардың, олимпиада чемпиондары, мәдениет пен экономика салаларындағы мемлекеттік сыйлық иегерлерінің фотосуреттері қойылды.

«Жоба мақсаты - болашақ ұрпаққа арнап, еліміздің Тәуелсіздік алғаннан бергі жиырма бес жыл ішінде орын алған мемлекеттік, қоғамдық және рухани маңызы бар оқиғалар туралы фотошежіре құру. Осы 10 күн көлемінде тәуелсіздік бесігі - Алматыда ашылып, 28 сәуір - 10 мамыр аралығында Астанада жалғасын табады», - деді «ФОТОӨНЕР» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Асылхан Әбдірайым.

Айта кету керек, көрмеге 10 автордың 100-ге жуық жұмысы қойылды. Аталған фотосуреттер бұрын соңды еш жерде жарияланбаған. 
Ел мақтаныштары Ел мақтаныштары Ел мақтаныштары Ел мақтаныштары Ел мақтаныштары Ел мақтаныштары Ел мақтаныштары Ел мақтаныштары  

Соңғы жаңалықтар