Алматыда «Экотакси» жүргізушісін бақталастары соққыға жықты

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда «Командир Эко Такси» паркінің жүргізушісін жеке таксистер соққыға жықты. Бұл туралы «Командир ЭкоТакси» компаниясының басқарушы директоры Максим Сарсенов айтты.

Оқиға Алматы әуежайының маңында орын алған. Жолаушыларды тасымалдаумен айналысып жүрген 3 жеке таксист «Эко такси» жүргізушісі Ілияс Игісіновті соққының астына алған.

Қазір 28 жастағы жігіт Алматыдағы №4 ауруханада жатыр. Оның бас сүйегі жараланып, қабырғалары сынған.

«Келіспеушілік әуежай маңындағы клиенттерге таластан туған. Жеке таксистер ұшақтан түскен жолаушылардан 200-300 долларға дейін алады. Жолаушы «Экотаксиді» таңдаған кезде олар әрекетке көшкен. Үшеуі оқиға орнынан тайып тұрған. Аталған дерек бойынша сотқа шағымданатын боламыз», - деді Максим Сарсенов.

Соңғы жаңалықтар