Алматыда экономикалық журналистиканың негізін салушы Алаш қайраткері туралы дөңгелек үстел жиыны өтіп жатыр

None
None
АЛМАТЫ. Желтоқсанның 4-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Бүгін   Алматыда  «Мұхаметжан Тынышбаев - Қазақстан экономикалық журналистикасының негізін салушы» деп аталатын дөңгелек үстел мәжілісі өтіп жатыр,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бұл шара «Ұлттық идея - Қазақстан дамуының негізі» мемлекеттік бағдарламасының аясында өтуде. Оны  М. Тынышбаев атындағы Алматы облыстық қоры мен Қазақтың әл-Фараби атындағы ұлттық университеті бірігіп ұйымдастырып отыр. Онда көрнекті Алаш қайраткерлерінің өмірі, қызметі мен шығармашылығы жан-жақты сөз болмақ. Сондай-ақ Өкітай Ахметов пен Жомарт Игіманның «Мұқаметжан Тынышбаев» деп аталатын деректі, публицистикалық кітабының таныстырылымы болады», дейді филология ғылымының кандидаты Гүлмира Сұлтанбаева. Бұл шара кезінде Гүлмира Серікбайқызына М. Тынышбаев атындағы Алматы облыстық қоғамдық қорының уәкілі  Өкітай Ахметов пен М.Тынышбаевтың немересі Елена Ескендірқызы  көрнекті  қоғам қайраткерінің 130  жылдығына арнап шығарылған мерейтойлық медалді табыс етті.

Соңғы жаңалықтар