Алматыда экологиялық журналистика бойынша курс өтеді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат –15-19 наурыз аралығында Алматыда экология саласында маманданған журналистер үшін оқыту курсы өтеді, деп хабрлайды ҚазАқпарат.

Шара ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің бастамасымен Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті базасында ұйымдастырылуда.

Оқыту курстары офлайн форматта келесі мекен-жай бойынша өтеді: Алматы қ., Әл-Фараби даңғ., 71/27. Қатысушылар «Экологиялық журналистика» курсын өткендігі туралы сертификаттар алады.

Тікелей көрсетілім Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Facebook-тегі ресми парақшасында өтеді.

Аталған курстан өту үшін мына сілтемені басу керек: https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSc8hs3nRVCrmaLkonDYTdNHa4ZOcpAaNUAWNRTJ8NSqS8gjvg/viewform?usp=sf_link .

Барлық қызықтыратын сұрақтар бойынша +77029857977, Ақмарал, +77029992277, Анель хабарласуға болады.


Соңғы жаңалықтар