Алматыда экология саласындағы жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау басталды

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі экология саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бойынша ауқымды жұмысты бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің мәліметінше, бүгінгі таңда экология саласы мегаполистің сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасында көрініс тапқан және қала тұрғындарын толғандыратын негізгі салалардың бірі.

«Осы салада сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және зерделеу мақсатында Алматы қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Алматы қаласы бойынша экология басқармасының және оның ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдаудың басталғанын хабарлайды»,- делінген ведомство таратқан ақпаратта.

Талдау осы жылдың 16 қаңтары мен 24 ақпаны аралығында жүргізіледі. Мақсат - экология саласында, нормативтік құқықтық актілерде және ұйымдастыру-басқару қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

«Сондай-ақ талдау барысында: персоналды басқару, мүдделер қақтығысын реттеу, мемлекеттік қызметтер көрсету, рұқсат беру функцияларын орындау, бақылау-қадағалау функцияларын іске асыру, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау объектісінің ұйымдастыру-басқару қызметінен туындайтын өзге де мәселелер қамтылатын болады»,- деп хабарлады Алматы қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінен.

Азаматтардың пікірлері мен ұсыныстарын алу үшін [email protected] электрондық поштасы мен 8-776-005-57-32 WhatsApp нөмірі арқылы қабылданады. Антикор экология саласындағы бұзушылықтардың нақты фактілері бойынша жоғарыда көрсетілген байланыс арналары бойынша хабарласуларын сұрайды.


Соңғы жаңалықтар