Алматыда екінші жыл қатарынан футуристикалық арт-шырша жағылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда екінші жыл қатарынан ерекше дизайнерлік шыршаға от берілді. Айта кету керек, бұл қаладағы 15 шыршаның ішіндегі ерекшесі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Арт-шырша Астана алаңында бой көтерді.

Бұл қалалық шығармашылық топтардың ойластырған шеруінің дизайнерлік бір композициясы болып табылады. Өнер туындысының авторы Нұрбол Нұрахмет.

«Кешке алаңда ерекше авангард стилінде шырша жағылады. Шыршаның айналасында қағаздан жасалған кейіпкерлердің шеруі өтеді. Бұл жаңажылдық костюмдер емес, алаңға жиналған қауымдастықтардың символы болып табылады», -деді Funk креативті агенттігінің өкілі Майра Измайлова.

Фестиваль біткен соң да арт-шырша алматылықтардың басын біріктіретін орын болып қала бермек.

Айта кету керек, былтыр осындай ерекше шырша Республика сарайының маңында бой көтерген болатын.

Соңғы жаңалықтар