+7 (701) 759 90 19
USD 419.69 EUR 510.89
RUB 5.63 CNY 64.82
Jańalyqtar

Алматыда екі жылда студенттер үшін 38 жатақхана салынады

2020 жылғы 25 қараша 14:50
Бөлісіңіз:
Алматыда екі жылда студенттер үшін 38 жатақхана салынады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Jas Otan жастар қанаты Алматыда жаңадан салынған студенттер жатақханаларына мониторинг жүргізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бес әлеуметтік бастамасын жүзеге асыру мақсатында Алматыда 2022 жылдың соңына дейін 25 жоғары оқу орнында 16 мың орындық 38 жатақхана салу жоспарланған.

«Алматының жоғары оқу орындары студенттерін баспанамен қамтамасыз ету бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде. Бағдарлама қолға алынғалы қалада 1377 орынға арналған 4 жатақхананың құрылысы аяқталды. Биыл Каспий университеті 200 орындық студенттер жатақханасына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізді. Д.Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясы жыл соңына дейін 100 орындық заманауи жатақхананы пайдалануға береді. Сондай-ақ, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде (1260 орын) және Абай атындағы ҚазҰПУ-де (370 орын) жатақхана құрылысы басталды»,– деп хабарлады Jas Otan жастар қанатының қалалық филиалы.


Jas Otan жастар қанаты қалалық филиалының арнайы тобы Қонаев атындағы Еуразия заң академиясы мен Каспий университетіне қарасты студенттер үйіне барды. Олар нысандардың жағдайымен танысып, қысқы маусымға дайындығын тексерді.

Мердігер компания өкілінің айтуынша, Д.Қонаев атындағы академияның жатақханасын осы жылдың соңында өткізеді. Құрылыс жұмысы сапалы жүргізілді және барлық стандарттарға сай. Каспий университетінің жатақханасындағы жұмыс толығымен аяқталды.

Сонымен қатар, ол әр бөлмеге қажетті тұрмыстық техника мен жиһаздар қойылғанын жеткізді. Студенттерге барлық жағдай жасалған.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT