Алматыда екі жылда 712 заңсыз ойын мекемесі жабылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласы бойынша экономикалық тергеу департаменті «Стоп-игра» алдын алу шарасы аясында заңсыз ойын орындарын жою бойынша ауқымды рейд өткізіп келеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

2019 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін заңсыз ойын орындарын жою бойынша жүргізілген рейд аясында Алматының әр ауданында 712 сауда орындары анықталды, оларда құмар ойындары орнатылған ойын терминалдары заңсыз жұмыс істеген.

Заңсыз ойын мекемелерін ұйымдастырғаны үшін 80 адам сотталды, 94 қылмыс тіркелді, 4 ұйымдасқан қылмыстық топ қызметінің жолы кесілді, онлайн құмар ойындар ұйымдастырылған 7 астыртын казино және 9 компьютерлік клуб анықталып, жабылды, Заңсыз айналымнан 1200-ден астам ойын терминалдары алынып, жойылды.

«Алматы қаласының аумағында 60 орыннан тұратын заңсыз ойын мекемелерінің желісін құрған ұйымдасқан қылмыстық топтың 6 мүшесі әртүрлі мерзімге сотталды (соның ішінде 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру түрінде). Осы бағыттағы жұмысты жандандыру мақсатында Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті жедел топтарын құрды, олар қаланың аудандарына бекітілді, заңсыз ойын орындарын жою жұмыстары күнделікті жүргізілуде» деп хабарлады департаменттен.


Соңғы жаңалықтар