Алматыда екі жігіт сән салондарының клиенттерін тонап келген

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда сән салондары мен дүкен клиенттерін тонап келген ұрылар ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, олар дүкендер мен сән салондарын аралап, келушілерді тонаумен айналысқан.

«Олардың бірі саудагерлерді немесе әкімшіні әңгімеге айналдырып жатқан кезде екіншісі клиенттердің курткаларын ақтарып, қалталарынан ұялы телефондарын жымқырған. Кей кездері олар медициналық маска киіп келетін болған. Ұрланған телефондарды сатып, ақшаны өз кәделеріне жаратып жүрген. Мекемелердің бейнебақылауындағы жазбалар арқылы 20 және 22 жастағы жігіттер ұсталды. Олар бұрын да осындай қылмыс үшін жауапкершілікке тартылған. Қазір оларға қатысты ҚР ҚК 188-бабының 2-бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды», - деді Медеу аудандық ІІБ басшысы Болат Тотыбаев.

Полиция бұл азаматтардың іс-әрекетінен жапа шеккен адамдар болса  254-48-00, 254-48-01 нөмірлеріне хабарласуын сұрайды.

Соңғы жаңалықтар