Алматыда екі шағын ауданда суық су ажыратылды
2020 жылғы 16 наурыз 11:30

Алматыда екі шағын ауданда суық су ажыратылды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда Медеу ауданында бірқатар ғимарат суық судан ажыратылды,деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«16 наурызда таңғы 9 бен 17.00 аралығында Атырау мен Думан шағын ауданында бірқатар ғимаратқа суық су беру уақытша тоқтатылады», - деді «Алматы су» кәсіпорнынан.

Суық судан Апорт, Базарбаев, І.Есенберлин, Орманов, М.Шоқай көшелерінің бойындағы «Микоян-1» сорғы нысаны, «Жайлау дәмханасы», Шухов көшесіндегі №2 емхана, 3 қазандық (Ульяновская, Широкая, Полевая - Овражная, Брянская көшелерінің қиылысы); 3 орта мектеп: №53 (М.Шоқай – Глубокая қиылысы), №64 мектеп (Орынбор – Шухов көшесінің қиылысы), №99 мектеп (И. Қоңыр – Карбышев қиылысы) ажыратылды.

Әлеуметтік және жалпы білім беретін нысандарға сұраныс көлемінде су жеткізілетін болады.

Уақытша қолайсыздықтар жаңа су құбырын қосуға байланысты туындап отыр.


Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT