Алматыда екі қызды қағып кеткен жүргізушінің кім екені анықталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы полицейлері екі қызды қағып, оқиға орнынан бой тасалаған көлік жүргізушісін анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

5-ықшамаудан жанынан оқиғаға қатысы бар деген күдікпен «BMW» маркалы автокөлік табылған. 

«Полиция қызметкерлері куәгерлерден жауап алып, бейнебақылау камераларын тексерді. Автокөлік жүргізушісі, 25 жастағы Алматы тұрғыны Нәсіл Ермекті іздестіріп жатырмыз»,-деді Алматы ІІД баспасөз қызметі. 

Сондай-ақ, полиция күдіктіні көрген адамдар болса 02 немесе +7 701 888 4882 нөміріне хабарласуларын сұрайды. 

Айта кету керек, жол апаты 26 қыркүйек күні Райымбек даңғылының Өтеген батыр көшесімен қиылысқан тұсында болған. Оқиға куәгерлерінің айтуынша, жер үсті өткеліне жақын жерде екі қыз жолды кесіп өтпекші болған. Осы сәтте оларды жоғары жылдамдықпен келе жатқан BMW маркалы автокөлігі қағып кеткен. Көргендер жүргізушінің жаяу жүргіншілерді байқамай қалғанын айтады. Бұдан кейін ол көліктен түспестен оқиға орнынан ізін суытқан.

Соңғы жаңалықтар