Алматыда екі қызды қағып кеткен «БМВ» жүргізушісі ұсталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Екі қызды қағып көшеде қалдырып кеткен «БМВ» жүргізушісі ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, 25 жастағы жүргізуші Ермек Нәсіл қазір қаладағы тергеу изоляторында жатыр.

Полиция оны 2-қазанда ұстаған.

Айта кету керек, жол апаты 26 қыркүйекте таңғы 08:40 шамасында Райымбек көшесінде болған. Жүргізуші көлігімен жолдан өтіп бара жатқан екі қызды қағып, оқиға орнынан қашып кеткен.

«Жол апатынан соң қайғылы оқиғаны көзімен көрген куәгерлер сұралды, жергілікті бақылау камералары тексерілді. Сол күні жақын жерде соғылған белгілері бар «BMW 525І» табылған. Соның арқасында көлік иесі анықталды. 25 жастағы жігіт Алматы облысының тұрғыны болып шықты», - деді қалалық ІІД жергілікті полиция қызметінің іздестіру бөлімінің басшысы Ерік Насырбеков.

Ермек Нәсіл ҚР ҚК 345-бабының 2-бөлімімен және ҚР ҚК 341-бабының 2-бөлімімен жауапқа тартылмақ.

Айта кетейік, осыған дейін Алматыда екі қызды қағып, оқиға орнынан бой тасалаған 25 жастағы Алматы тұрғыны Нәсіл Ермектің іздестіріліп жатқанын хабарлағанбыз.

Соңғы жаңалықтар