USD 434.34 EUR 491.93
RUB 5.56 CNY 68.67
Jańalyqtar

Алматыда екі күнде 315 адам ревакцинациядан өтті

2021 жылғы 24 қараша 13:51
Бөлісіңіз:
Алматыда екі күнде 315 адам ревакцинациядан өтті

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда екі күнде 315 адам ревакцинациядан өтті. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз мәслихатында №7 емхананың бас дәрігерінің орынбасары Нұрбол Жұмабеков мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Пневмония мен коронавирустан 18 адам қайтыс болды Коронавирус: «Қызыл» аймақта 16 өңір орналасқан Елімізде 264,7 мың жасөспірім коронавирусқа қарсы толық егілді

«22 қарашадан бастап барлық қалалық емханаларда ревакцинация науқаны басталды. Бүгінде екпені медицина қызметкерлері, педагогтер, күш құрылымдарының қызметкерлері, медициналық-әлеуметтік мекемелердің мамандары мен контингенті, 60 жастан асқан және иммунитеті төмен адамдар ала алады», - деді дәрігер.

Оның айтуынша, ревакцинация бұрын жасалған екпенің төмендеген тиімділігін қайтарады.

Сонымен қатар ол қайта егу векторлық вакцина салдырған болса – 9 айдан кейін, ал белсенді емес вакциналар мен м-РНҚ вакциналар еккен болса – 6 айдан кейін жасалатынын еске салды.

Нұрбол Жұмабеков егілмеген халықты вакцинаның екі компонентін алуға шақырды.

Сондай-ақ осы уақытқа дейін вакцинадан бас тартқандар үшін ол реанимацияға экскурсия жүргізуді ұсынды, онда коронавирус жұқтырған адамдар өмір үшін күресіп жатыр.

«КВИ-ге қарсы вакциналау басталғаннан бері бір жылға жуық уақыт өтті және барлық скептиктер оның арқасында аурудың таралу қарқыны тоқтағанын түсінді. «Жасыл аймаққа» ауысқанымыз – бұл вакцинация нәтижелерінің бірі», - дейді спикер.

Сөз соңында ол тұмауға қарсы иммундауды ұсынды, бірақ тұмау мен ковидке қарсы вакцинаны бір мезетте алмаған жөн, олардың арасындағы интервал кем дегенде 14 күн болуы керек.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059

MURAǴAT