Алматыда екі көше қала шегіне дейін ұзартылады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда екі көше Үлкен Алматы айналма жолына дейін ұзартылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қалалық мобильділік басқармасының мәліметіне сәйкес, Н.Тілендиев көшесі мен Солтүстік айналма жолы солтүстік бағытта Үлкен Алматы айналма автомобиль жолына дейін ұзартылады.

Алматыны дамытудың бас жоспарына түзету енгізілді.

«Жоғарыда аталған жолдарды ұзарту бойынша жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу мерзімі 2022 жылға жоспарланып отыр. Н.Тілендиев көшесін тоғыз шақырымға, ал солтүстік жарты айналма жолды 1,2 шақырымға ұзарту көзделген. Сондай-ақ, көлік жолайрығын салу ұсынылады», - деп хабарлады басқармадан.

Сонымен қатар, Т. Рысқұлов даңғылы Ф. Оңғарсынова көшесінен қала шекарасына дейінгі аралығын ұзарту жобасы пысықталып жатыр.

Жалпы 2030 жылға дейін Алматыда 38 көше ұзаратылады.

Сарапшылар жаңа көшелерді екі кезеңде салуды ұсынып отыр. Көшелердің бір бөлігі - 2025 жылға дейін, ал екіншісі - 2030 жылға дейін.


Соңғы жаңалықтар