Алматыда екі қонақ үй мен екі суши-барда жарылғыш заттар іздестірілуде

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат  - Алматы полициясы екі қонақүй мен екі суши-бардан жарылғыш заттар іздестіріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Осы уақытта Мақатаев көшесіндегі суши-барда жарылғыш заттың қойылғандығы туралы ақпарат расталмады. Шұғыл әрекет ету қызметкерлері Royal Tulip ғимаратында әлі де тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Ғимарат қоршауға алынып, ішіндегі адамдар түгел қауіпсіз жерге көшірілді.

«Кезекші бөлімге белгісіз адамнан М.Мақатаев көшесіндегі және И.Панфилов көшесіндегі суши-барларға және қаладағы екі қонақүйге  жарылғыш заттар қойылғандығы туралы хабарлама түсті. Шұғыл және жедел қызметтер алғашқы әрекет етудің барлық шараларын қабылдады», - деді қалалық ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Қосымша ақпарат кейін жарияланады.

Айта кету керек, бұған дейін телефон "лаңкестері" Алмалы аудандық сотында және ойын-сауық мекемелерінің бірінде жарылғыш зат бар деп елді дүрліктірген болатын.

Соңғы жаңалықтар