Алматыда екі көлік соқтығысып, 5 адам зардап шекті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда екі көлік соғысып, бес адам зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қаланың Жандосов көшесінің Алтынсарин көшесімен қиылысар тұсында екі жеңіл көлік соқтығысқан, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Куәгерлердің айтуынша, Mercedes көлігінің жүргізушісі Жандосов көшесімен батысқа қарай жол жүріп, онда екі жолаушыны алған. Сол кезде шығыс бағытқа қарай жүріп келе жатқан Ford Focus көлігі белгісіз себептермен жолдың қарсы жолағына шығып, Mercedes-пен соқтығысқан.

null 

Соққы салдарынан Mercedes көлігі жолдың басқа жағына ұшып, арыққа түсті. Бастапқыда зардап шеккен үш адам туралы белгілі болған - Mercedes жүргізушісі мен екі жолаушысы. Кейінірек жол апаты орнына Ford Focus жүргізушісінің туысы келіп, көлікте тағы екі адам болғанын, ауруханаға өздері жеткенін түсіндірген.

null 

Соңғы жаңалықтар