Алматыда екі қабатты үйдің шатыры опырылып түсті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда екі қабатты үйдің шатыры опырылып түсті, аброй болғанда адамдар аман, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бостандық ауданының әкімдігі бұл ақпаратты растады.

Бұқар жырау бульварында орналасқан №67 екі қабатты үйдің бір пәтерінің төбесі құлап түсті. Үйдің екі кіреберісі бар, ол 11 пәтерден тұрады. Апатты үй 1956 жылы салынған.

«Төбесі опырылып түскен пәтерде 6 адам тұрады, оның екеуі бала. Оқиға кезінде балалар болмаған. Бірінші кіреберісте 4 пәтер және 2 кеңсе, екінші кіреберісте кеңсе және 4 пәтер орналасқан. Апатты үйдің төбесі құлаған соң, аудандық әкімдік №5 пәтерде түратын 4 адамды «Атакент» қонақ үйіне орналастырды. Ал №4, 6 пәтер бос», - деп хабарлады аудан әкімдігінен.

Бүгін қала құрылысын бақылау басқармасы үйдің төбесі мен шатырының техникалық жағдайын анықтауға кірісті. Құрылыс және қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу үшін лицензиясы бар ұйымның мамандарын тарта отырып құлаған төбеге сараптама жүргізіп жатыр.

Фото: Шолпан Алидің фейсбугынан
Соңғы жаңалықтар