Алматыда екі ит 3 жасар қызды талап өлтірді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда ротвейлер тұқымды екі ит 3 жастағы қызды талап өлтірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қайғылы оқиға Рысқұлов көшесіндегі Самғау шағын ауданында болған. Жануарлар аулада жүрген иттер иесінің қызын бас салып, талаған. Бүлдіршін жедел жәрдем келгенше көз жұмған.

Баланың қол-аяғын, үсті-басын таланған, бас сүйегі сынып кеткен.

«Біздің ветеринарлық қызметке қоңырау сағат 12:30-да түскен. 20 минут ішінде оқиға орнына екі бригада барды. Ветқызмет өкілдері иттерді байлап, оқшаулады. Қазір иттер бақылауда тұр. Олардың адамға тап беруіне не түрткі болғаны белгісіз. Құтыру тағы басқа аурулар тексерілетін болады», - деді қалалық Ветеринарлық қызметтің жануарларды аулау бөлімінің жетекшісі Әйгерім Жақсылық.

Соңғы жаңалықтар