Алматыда екі еркек төбелесіп, біреуі тапаншадан оқ атты

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда көшелердің бірінде екі ер адам төбелесті, оның бірі газ тапаншасын қолданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Төбелестің видеосы әлеуметтік желіде тарады.

Алматы қалалық полиция департаманті бұл факті бойынша Алмалы аудандық полиция басқармасында ҚР ҚК 293-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады.

«Белгілі болғандай төбелес екі таныс адамның арасында болған. Олардың бірі газ тапаншасын қолданды. Бақытымызға орай, ешкім зардап шеккен жоқ. Күдікті ұсталды. Ол- 1989 жылы туған Т. есімді азамат. Екінші адамның айтуынша, ол қылмыс құралын лақтырып жіберген, бұл факт анықталып жатыр. Тергеу жалғасады», - деді Алмалы аудандық полиция басқармасының бастығы Есен Ысқақов.


Соңғы жаңалықтар