Алматыда екі ер адам жол үстінде төбелесті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматыда белгісіз екі ер адам жол үстінде төбелесіп қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ер адамдар арасындағы жанжал түсірілген видео Instagram желісінің zhest_kz   парақшасында жарияланды.

Видеода екі ер адамның жол қиылысында жаға жыртысып қалу сәті бейнеленген. Ашуға берілгендер дәл қасында жол қозғалысын реттеп тұрған полицейді де көзге ілмеген.

Видеоролик 11 сағат ішінде  64 мың рет қаралған.

Айта кетерлігі, видео авторы кейінірек осы оқиғаның жалғасын бейнелейтін тағы бір видео жариялады.

Бедный полицай, не знает как вести себя в такой ситуации 😂😆😆😆

Публикация от Жесть в Казахстане (@zhest_kz) Авг 19 2017 в 8:36 PDT

Соңғы жаңалықтар